Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1500-ге тарта құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1500-ге тарта құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері 30 маусым мен 4 шілде күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Негізгі мақсат – жол қауіпсіздігін сақтап, түрлі апаттардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту, қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау.

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 4 тәулік ішінде полицейлер 1412 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде алты дерек жылдамдықты арттыру және 62 жайт маневр жасау ережелерін бұзу жайттары болды. Сондай-ақ, ұялы телефон қолданғаны үшін 289 жүргізуші, сақтандырусыз автокөлік жүргізгені үшін 51 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің 216 заң бұзушылығын, 70 тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау дерегін, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық тексеруден өтпеген 32 жайтты анықтады. Ал айыппұл тұрағына 40 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру