Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында «Қорғаудың» көмегімен 13 млн теңге қарызы бар жүргізушілер анықталды

Түркістан облысында полиция «Қорғаудың» көмегімен 13 млн теңге қарызы бар жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полицейлер «Қорғау» бағдарламасының көмегімен әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және келіп түскен сот қаулыларының негізінде жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді.

Мәселен, жедел басқару орталығының қызметкерлері көше камераларынан деректерді талдайтын және жақын маңдағы полиция нарядтарының планшетіне хабарламалар жіберетін «Қорғау» бағдарламасы арқылы екі борышкерді анықтады.

Полицияға 4 миллион теңгеден астам сомаға берешегі бар BMW автокөлігі бойынша сигнал түсті. Полицейлер аталған көлікті Түркістан қаласының көшесінен анықтады. Сондай-ақ Сайрам ауданының патрульдік полиция инспекторлары қарызы шамамен 9,5 миллион теңгені құрайтын Hyundai автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Қос автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру