Түркістан облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында 15 қылмыс ашылды
Түркістан облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында 15 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шара кезінде полицейлер 15 қылмысты ашты, оның ішінде екеуі бұрын тіркелген. Атап айтар болсақ, іздеуде жүрген екі адам табылды. Сонымен қатар, 360 жалдамалы үй-жайлар мен пәтерлер, қараусыз тұрған ғимараттар тексерілді.
Одан бөлек, тәртіп сақшылары 877 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Онда ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) – 107, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 52, 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 87, 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 179, 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) – 9, 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша екі хаттама толтырылды.
Жүргізушілердің жолдың қарсы бағытына шыққаны бойынша төрт жайт, ал жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 210 жайт анықталды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасының негізгі мақсаты – криминогендік ахуалды, қоғамдық тәртіпті қадағалап, алдын алу және болдырмау, көшелерде, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, қылмыскерлерді ұстау, анықтау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағандарды ұстау.