Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында шекарадан марихуана алып өтпек болған шетелдік анықталды

Түркістан облысында шекарадан марихуана алып өтпек болған шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлері шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті анықтады. Нақтырақ айтсақ, «Қарасора-2022» профилактикалық шарасын жүргізу барысында Өзбекстандық азамат Атамекен шекара бақылау бекеті арқылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өткен. Ер адам төлқұжатқа мөр бастырып шыққан сәтте, Икар атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан. Полицейлер жедел іске кірісіп, шетел азаматын тінту кезінде оның оң аяғына киген шұлығынан полиэтилен пакетке оралған есірткіге ұқсас затты тапты.

Тәркілеп алынған затқа бірден сараптама тағайындалып, нәтижесінде марихуана есірткісі болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай, күдікті ер адам Қазақстанға жұмыс істеу мақсатында келген

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру