Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта мал ұрламақ болған екеуді тұрғындар байқап қалған

Қазығұртта мал ұрламақ болған екеуді тұрғындар байқап қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданып, ірі қара малдарын белгісіз біреулер ұрламақ болғанын айтқан. Жәбірленушінің бірі құны 300 мың теңге тұратын сиырын, ал екіншісі 250 мың теңге тұратын сиырын белгісіз біреулер айдап бара жатқан сәтінде ауыл тұрғындары көріп қалғанын жеткізді. Осы сәтте ауыл тұрғынының байқап қалғанын көрген күдіктілер қаша жөнелген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар мал ұрлығы қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Яғни, жас жігіттер оңай олжалы болуды көздеген. Алайда тұрғындардың қырағылығының арқасында ойлары жүзеге аспай қалды. Қазіргі таңда күдіктінің бірі қамауға алынса, екіншісіне қатысты іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру