Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда той тойлағандар жазаланды

Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдайға қарамастан қонақ жиған той иесі мен тойхана қожайынына хаттама толтырды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр» деп Whatsapp арқылы тараған бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болған еді.

Аталған жайт бойынша Жетісай аудандық полицейлері тез арада тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар анықталды.

Осы дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша тіркеліп, тойхананың егесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.Осы дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша тіркеліп, тойхананың егесі мен той жасаушы тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.​​​​​​​
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға ескертеді: ҚР Президентінің қаулысымен бекітілген төтенше жағдай режимін сақтаңыздар. Қажетті қауіпсіздік шараларын ұстаныңыздар. Әсіресе адам көп шоғырланатын орындарға бармай, адамдар тобының топтасуына жол бермеңіздер. Егерде аталған шектеулер мен тыйым салынған жағдайлар сақталмай, құқықбұзушылық орын алса заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатын боласыздар! Сондықтан сақ болыңыздар, бірінші кезекте бұл сіздің денсаулығыңыздың кепілі болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру