Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында төрт лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында төрт лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданында 2021 жылдың 29 маусымынан бері «Жол қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Сайрам АПБ Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері шара барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда.

Мысалы, Сайрам АПБ-ның полицейлерімен «Оңтүстік жолдары басқармасы» бірлесіп, жаңадан қажетті жол белгілерін орнатты. Шымкент–Шаян тас жолы бойында орналасқан Теспе ауылында үш жаяу жүргіншілер жолағы, ұзындығы 3,5 шақырым болатын жол сызықтары сызылды. Сонымен қатар жылдамдық тежеу жол белгілері орнатылды. Бұның барлығы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып жүзеге асырылуда.

Іс-шара нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабымен (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да құрылысжайларын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) төрт лауазымдық тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабымен (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру) бойынша 35 әкімшілік хаттама толтырылды. 50-ден аса жол, көше тораптары тексеріліп, 90-нан аса кемшіліктер анықталды. Бес апатты, қауіпті учаскелер айқындалып, кемшіліктерді жою тураы 11 нұсқама берілді. Жалпы аталған іс-шара кезінде сегіз дана плакат пен билбордтар дайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру