Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғындардың ақшасын алаяқтықпен алған ер адам ұсталды

Түркістан облысында тұрғындардың ақшасын алаяқтықпен алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған бірнеше жергілікті тұрғын хабарласып, арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқ оларға қайтарымсыз ақша алып беремін деп иландырған. Алаяққа сеніп, ауыл тұрғындарының әрқайсысы 30-50 мың теңгеге дейін ақша берген. Алайда уәде етілген мемлекеттік субсидияларды ала алмаған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады. Ол алаяқтықтың үш жайтына қатысы бар Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асты. Сондай-ақ, ұсталған ер адамның бұдан бұрын, яғни екі жыл алдын осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды. Қазіргі уақытта Сайрам АПБ-мен аталған жайттар бойынша ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру