Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрілер алынды

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен пышақтар тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кентау қаласының аумағында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың кезекті дерегін анықтады. Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер іздестіру шарасы кезінде тұрғынның үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтады.

Тінту жүргізу кезінде күдіктіден ТОЗ қару, түрлі калибрлі 60-тан астам оқ-дәрі, қолдан жасалған екі пышақ тәркіленді. Тәртіп сақшылары заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді.  

Қазіргі уақытта осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру