Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ЖҚЕ бұзған мас жүргізуші ұсталды

Абай облысында ЖҚЕ бұзған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының орталығында ЖБО инспекторларының назарын қалада түнгі уақытта фаралары немесе жарық таратқыш аспаптары қосылмай қозғалыс жасаған көлік аударды. Бақылау камералары бойынша жүргізушінің Бозтаев көшесі бойында қарсы жолға шыққанынан ЖБО-ның бейне-инспекторы жүргізушінің қауіп төндіретінін түсінді.

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары радиодан анықтама алғаннан кейін жүргізушінің құжаттарын тексеру үшін көлікті тоқтатуға тырысқан. Алайда ол тәртіп сақшыларының талабын елемей, жылдамдығын арттырып, жасырынуға тырысты. Содан қолға түсті. Көлік тізгінінде масаң күйдегі 45 жастағы жергілікті тұрғын болды. Медициналық мекемеде орташа мас күйінде куәландыру расталды.

Ұсталған азамат дүкенге бармақ болғанын түсіндірді. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша полицейлермен әкімшілік хаттама толтырып, көлік мамандандырылған тұраққа орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру