Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері қаза тапқан және көпбалалы әріптестерінің балаларын циркке апарды

Алматы қаласы ПД қаза тапқан және көпбалалы полиция қызметкерлерінің балаларын циркке апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық қойылым дәстүрлі түрде әсерлі форматта өтті. Бәрінен бұрын мерекеге балалар қатты қуанды.

– Алматы полициясының басшылығы мен жеке құрамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрақты негізде қолдау көрсетеді. Мүмкіндігінше балаларға ғажайып, ертегі беруге тырысамыз. Өйткені әкелік қамқорлықсыз, қолдаусыз оларға оңай емес. Бүгінгі таңда мүгедектерге және қайтыс болған тәртіп сақшыларының отбасыларына көмек көрсету орталығының қамқорлығында 46 отбасы бар, оларда 63 бала тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ қазір ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің 48 ерекше баласына көмек көрсетіп жатырмыз, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Сонымен қатар жаңажылдық шоуға Алматы полициясының көпбалалы отбасыларының балалары қатысты. Аяз ата мен Ақшақардың қойылымын тамашалаған кішкентай көрермендер тәтті сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру