Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның қорасынан тіркелмеген аңшы мылтығы табылды

Түркістан облысында тұрғынның қорасынан тіркелмеген аңшы мылтығы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық ПБ-нің қызметкерлері республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Шара барысында біршама құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, полиция қызметкерлері Кентау қаласы ауылдарының маңайында орналасқан мал қораның бірін тексеру кезінде тегіс ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығын тапты.

Содан тәртіп сақшылары қаруды тексеру кезінде оның ҚР ІІО-ға тіркелмегенін анықтады.

Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) хаттама түзілді және тіркеуге алынды.

Қазіргі таңда аталған іс сотқа жолданып, құқық бұзушы азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру