Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында туысын 2,5 млн теңгеге алдаған тұрғын анықталды

Түркістан облысында қайтарымсыз несие алып беремін деп туысын 2,5 млн теңгеге алдаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне жетісайлық тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, туысы мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, 2,5 миллион теңге ақшасын алған. Алайда арада бір жыл уақыт өтсе де, уәде етілген несиені де, ақшаны да қайтармаған.

Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті әйел анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру