Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Түркістан облысында ұрлық жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Созақ ауданының полиция қызметкерлері ұрлық қылмысына барған жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті ер адам үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, күндізгі уақытта терезе арқылы ұрланып кірген.

Алдымен пәтерден алтын әшекейлерді іздеген. Ештеңе таппаған соң қонақ бөлмедегі Samsung теледидары мен ас бөлмеде тұрған ішінде 60 мың теңгесі бар сейфті қолды етпек болған.

Осы сәтте күдіктінің ұрланған мүліктерімен күмәнді әрекеті полиция қызметкерлерінің көзіне түсіп, оның арам ойын жүзеге асыруға жол бермеді.

Полиция қызметкерлері ер адамнан айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру