Түркістан облысында “Жас сақшы” сыныптарының оқушылары сайысқа түсті
Түркістан облысында “Жас сақшы” сыныптарының оқушылары сайысқа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа облыстың Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Келес, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарындағы "Жас сақшы" полиция сыныптарының оқушылары қатысты.

Жарысты департаменттің жеке құрам жұмысы жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ерлан Шәмшат ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев арнайы қатысып, шараның маңызын атап өтті.
Спорттық бәсеке үш бағыт, яғни футбол, арқан тартыс және дойбы бойынша өтті. Жас сақшылар өздерінің шеберліктерін, ойлау қабілеттерін, ептіліктері мен ұйымшылдығын ортаға салды.

Дойбы ойынынан жарыс нәтижесі бойынша І орынды Шардара ауданы, ІІ орынды Келес ауданы, Ал ІІІ орынды Сайрам ауданы алды.
Футболдан І орынды Мақтарал ауданы, ІІ орынды Сайрам ауданы, ІІІ орынды Қазығұрт ауданы, иеленді.
Арқан тартыс ұлттық ойынынан І орынды Жетісай ауданы, ІІ орынды Шардара ауданы,
ІІІ орынды Сарыағаш ауданы жеңіп алды.
