Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында «Жастар есірткі мен нашақорлыққа қарсы» спартакиадасы өз мәресіне жетті

Түркістан облысының 5 жыл толуына орай әкімдіктің қолдауымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп, ұйымдастырған спартакиада өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жастар есірткіге, синтетикалық есірткілерге және нашақорлыққа қарсы» ұранымен ұйымдастырылған жарыс кәмелетке толмаған жастар және облыс тұрғындары арасында өткізілген болатын. Үш күнге жалғасқан бұл шарада облыс жастары спорттың волейбол, футбол, еркін күрес, қазақша күрес, дзюдо, суға жүзу, таэквандо, жүгіру және тағы басқа түрлерінен бақ сынады.

Тартысты ойыннан соң жалпы командалық есеппен Түркістан қаласы 1-орын, Шардара жастары 2- орын, Жетісай құрама командасы 3-орынға ие болды.

Сайысқа қатысушыларға алғысын білдірген Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ басшысының міндетін атқарушы Аман Бурханов пен дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.Муслимова оларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру