Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Аталған азаматтар жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.

– Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Сондай-ақ 22 жастағы шетелдік осы жылдың шілде айында Ресей Федерациясы ІІМ-нің кісі өлтіргені үшін Челябинск қаласы бойынша мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды. Ұсталғаны туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, екі шетелдікке қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 5-бөлігінің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру