Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол жиегіне құрылыс қалдықтарын төккен екі тұрғын жауапқа тартылды

Түркістан облысында полицейлер өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Ордабасы ауданында тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластауға қатысты екі құқық бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда, Темірлан ауылының екі тұрғыны құрылыс қалдықтарын, яғни тас, құм және іргетас қалдықтарын жол жиегіне шығарып, үйіп қойған. Тіпті бірі көпшілік қолданысындағы аялдама жанына қалдықтарды жинаған. Бірінші жағдайда шамамен 1 тонна, екіншісінде 2 тоннаға жуық құрылыс қалдығы жиналған.

Аталған деректер бойынша екі азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға үйлерінің алды мен көше бойын таза ұстау, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамау қажеттігін тұрақты түрде түсіндіруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру