Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жолаушы әйелден 4 қорап отшашу тәркіленді

Түркістан облысында жолаушы әйелден төрт қорап отшашу тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ полицейлері Шымкент-Жетісай тас жолында сатуға заңмен тыйым салынған түрлі отшашуларды алып өтпек болған әйелді анықтады. Нақтырақ айтсақ, келестік тәртіп сақшылар «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жолаушылар көлігін тоқтатып, тексереді. Тексеру кезінде жолаушылардың біріне тиесілі үлкен төрт қорапқа толтырып салынған пиротехникалық жарылғыш заттар анықталып, тәркіленді.

Белгілі болғандай, айғақты зат ретінде алынған отшашулар жолаушы әйелдікі болып шықты. Ол өз жауабында аталмыш заттарды сату мақсатында Алматы қаласынан алып келе жатқанын айтқан. Пиротехникалық заттың саны – 192.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабымен (Еркін сауда жасауға ҚР заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау) тіркелді. Құқықбұзушыға қатысты 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру