Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда пәтерден алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті

Теміртауда пәтерден алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші азаматша арызында, үйіне қонақ шақырғанын, кейін олар тарқаған кездебелгісіз біреу, оған тиесілі екі алтын білезік, алқа және кулонын алып кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттардың бір бөлігі алынды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру