Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жұмыс орнынан құрал-саймандарды ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында жұмыс орнынан құрал-саймандарды ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың бірінен арыз келіп түседі. Онда құрал-саймандар сақталған орыннан төрт дана лифт мотор, бір дана бояғыш заттар, сондай-ақ басқа да құрылыс заттарды белгісіз біреудің жасырын кіріп, ұрлап кеткендігі айтылған. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеге жуық.

Осы дерек бойынша тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын іске асырды. Олар бір тәулік ішінде күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Күдіктінің мекен жайын тінту кезінде айғақты заттар табылып, тәркіленді.

Белгілі болғандай полицейлер ұсталған ер азаматтың құрылыс компаниясында жұмыс жасайтынын анықтады. Ол Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Бүгінгі таңда бас шарасы қолхатта. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру