Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жұмысшы қоймадағы 3 млн теңгенің мал азығын сатып жіберген

Түркістан облысында жұмысшы қоймадағы 3 млн теңгенің мал азығын сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жеке мал шаруашылығындағы қоймасынан алты тонна бидай, алты тонна арпа мен 750 жоңышқаны жұмысшысы сатып жіберген. Тұрғынға келген шығын 3 млн теңгеден асады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары хабарлама алысымен тез арада оқиға орнына шығып, тексерудің нәтижесінде күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Полицейлер тексеру барысында жәбірленуші ауызша келісім арқылы малдарына қарауға жас жігітті жұмысқа алған. Содан жас жігітке мүлкін сеніп тапсырып, өзі үйіне кеткен. Ал таңертең шаруашылыққа келгенінде қоймадағы сеніп тапсырған мал азығының ұрланғанын көреді.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру