Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқ ату, қоян-қолтық ұрыс, самбо: Павлодар облысының полицейлері басты жүлдеге таласты

Павлодар облысының полицейлері спорттық жарыстарда басты жүлдеге таласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті тәртіп сақшыларының спорттық дайындығына көп көңіл бөледі. Жеке құрамның жауынгерлік және қызметтік даярлығын өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Департаменттің тирінде полиция қызметкерлерін табельдік қарудан оқ ату дайындығы бойынша сабақтар өткізіледі.  Сондай-ақ, “Динамо” дене шынықтыру-спорт кешенінде полицейлер самбо тәсілдерін шыңдайды, ал кәсіби жаттықтырушылар қоян-қолтық ұрыстың жауынгерлік тәсілдерін үйретеді.

Сонымен қатар, спорттық дайындықты арттыру мақсатында үнемі түрлі спорттық шаралар өткізіліп тұрады. “Динамо” спорт кешенінде Павлодар облысы ПД қызметкерлері арасында самбо күресінен іріктеу жарыстары өтті, оған қалалық және аудандық бөлімшелер қатысты.

– Самбо – жауынгерлік өнер саласындағы әлемдік мәдениеттің ең жақсы жетістіктерін, қазіргі жағдайда әскери және құқық қорғау қызметіне дайындықтың ең тиімді түрін біріктіретін көптеген ұлттық күрес түрлерінің синтезі. Жанкүйерлер әр қатысушыға жеңіс тілей отырып, барлығын белсенді қолдады, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде.

Төрешілер мен жарыс қонақтарының пікірінше, самбистердің дайындық деңгейі өте жоғары болды. Тартысты күрес нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді: командалық есепте бірінші орынды Екібастұз қаласы Полиция басқармасының командасы жеңіп алды. Екінші орынды Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің командасы, үшінші орынды Павлодар қаласы Полиция басқармасының командасы алды.

Полицейлер жеке сынаққа да қатысты. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің қызметкері Медет Құдайбергенов бірінші орынды жеңіп алды. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі кезекшісінің көмекшісі Айдос Баянбаев жеңіске жетті, 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы ПД МКБ ЖҚБ инспекторы Батырбек Елемес жеңімпаз атанды. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының инспекторы Әділ Серік 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді. Екібастұз қаласы ПБ жедел уәкілі Мейрам Қаңтарбаев 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңіске жетті, Баянауыл ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Болатов Болатұлы ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру