Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Түркістан облысында жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдеу қызметтеріне шыққан Жетісай АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының инспекторлары күндізгі сағат 10:30 шамасында Асықата кенті көшелерінің бірінде жүрісі күдік тудырған Toyota Camry көлікті байқап, тоқтатады. Тексеру кезінде көліктің ішінен спирттік ішімдіктің ыдысы табылды. Сондай-ақ жүргізушінің ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық куәландырудан өткізіледі. Нәтижесінде тұрғынның «орта дәрежелі» мас халде екені белгілі болды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Көлік айыптұраққа қойылды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолданды. Жетісай аудандық соты ішімдік ішіп көлік құралын басқарған жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға үкім етті.

Осы тұста полицейлер көлік жүргізушілеріне ескертеді: жылдамдықты асырмаңыздар, ащы суды ішіп, рульге отырмаңыздар. Жолға шыққанда барлық құжаттарыңызды талапқа сай етіп алып жүріңіздер!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру