Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Өзбекстанның 10 азаматын елден шығарды

Алматы полициясы Өзбекстанның 10 азаматын елден шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 5-12 шілде аралығында қала аумағында “Нелегал” жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуын анықтау, сондай-ақ, заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмыспен қамту фактілерін анықтау.

– ҚР Консулдығы және полиция Департаментінің күшімен ұсталған азаматтар автобусқа отырғызылды, олар Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін барады. Барлық елден шығарылғандарға Консульдықтан өз елдеріне оралу туралы куәліктер берілді. Шығарылғандардың арасында бірнеше жыл бұрын сот шешімімен үйіне қайту керек болған, бірақ белгілі бір себептермен қайта алмаған, қаражаты мен құжаттары жоқ азаматтар да бар. Сондықтан, Өзбекстан Консулдығымен олар құжатталып, жеке басын куәландыратын құжаттарын алды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру