Түркістан облысында жүргізушілер қолайсыз ауа райында көмектескен полицейлерге алғыс білдірді
Түркістан облысында жүргізушілер қолайсыз ауа райында көмектескен полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауа-райының қолайсыздығында, жолдарда көлік қозғалысы қиын болған кезде, патрульдік полицейлер көбінесе жүк және жолаушылар көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетіп, кәсібилік пен көмек қолын созуға дайын.
Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері трассаларда қызмет атқару барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жүргізушілердің автокөліктерін қауіпсіз жерге шығаруға және жөндеуге көмектеседі.
Мәселен Шымкент – Самара республикалық маңызы бар трассасында патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері Ж. Базарбеков пен С. Нұрлыбаев кептеліп қалған жүк көлігін байқады.
Жүк көлігінің жүргізушісі, шетелдік азаматтың көлігінің доңғалағы жарылғаны және соның салдарынан жол жиегіне шығып кеткені анықталды.
Тәртіп сақшылары арнайы техниканы көмекке шақырып, үш сағат ішінде кептеліп қалған көлікті шығаруға көмектесті.
Сол күні Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері Р.Әшірбеков пен Е. Қалыбаев арнайы техниканың көмегімен жолда тұрып қалған жүк көлігі мен Газельді шығаруға көмектесті.
Сонымен қатар патрульдік полиция қызметкерлері Д. Бакберсін мен Ж. Андасов Шымкент – Самара тас жолында автобус жүргізушісі мен жолаушыларына көмек көрсетті. Автобустың дөңгелегі жарылып, тәртіп сақшылары техникалық көмек көрсетті, соның нәтижесінде жүргізуші мен жолаушылар өз жолдарын жалғастыра алды.
Өз кезегінде, автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушылары патрульдік полиция қызметкерлеріне көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін әрқашан көмекке келуге дайын екендіктеріне шын жүректен алғыс білдірді.
Сондай-ақ полицейлер жүргізушілерді жолдағы жағдайлар туралы хабардар етіп, жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертті.
Қысқы кезеңде жолдардағы жағдайды жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасатын болады.