Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері 6 жеңгетайлық фактісі анықталды

Түркістан облысында жыл басынан бері алты жеңгетайлық пен 30-ға жуық жезөкшелікпен айналысқан жеңіл жүрісті қыздар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінде әр аптаның жұма күні брифинг өткізіледі. Аталған іс-шара ПД-ның "Instagram" және "Facebook" ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы жүзеге асырылады. Бұл аптадағы брифингте "Stop трафик" жедел алдын алу шарасының қорытындысы кеңінен айтылды. Ал спикер ретінде Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Талғат Бижанов қатысты.

Полиция майоры Т.Бижанов өз сөзінде:

- Түркістан облысының полицейлерімен апта бойына "Stop-трафик" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу және алдын-алу, ескерту болып табылады. Сондықтан жыл басындағы және өткен аптада ұйымдастырылған "Stop-трафик" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында алты жеңгетайлық жайты мен 30-ға жуық жезөкшелікпен айналысқан жеңіл жүрісті қыздар анықталды, - деп атап өтті.

Түркістан облысы полицейлерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру