Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 170 қылмыс тіркелді
Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 170 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жыл басынан бері есірткі қылмысы бойынша қыруар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде есірткі қылмыстарын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастыру, қылмыстың жолын кесуге бағытталған жедел шаралар және жас буын өкілдерімен болатын кездесулер мен семинарларды атап өтсек болады.
Жалпы 2021 жылдың 10 айында облыс полицейлерімен заңсыз айналымнан 5,5 тоннаға жуық есірткі заты алынды. Есірткіге қатысты 170 қылмыс пен 175 есірткі теріс қылықтары анықталды. Оның ішінде 47 есірткі сату қылмысы, 23 аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 36 есірткі контрабандасы, төрт есірткі затын насихаттау және заңсыз жарнамалау, сондай-ақ 60 есірткі өсімдігін егу деректері ашылып отыр. Сонымен қатар 300-ден астам граффити жазбалары өшірілген.
Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлерімен облыс аумағында орналасқан ойын-сауық орындары мен түнгі клубтарда жастар арасында есірткі заттарын сақтау, сату, тұтыну деректерін анықтау, алдын алу мақсатында 20-ға жуық шұғыл шаралар ұйымдастырылды Облыс полицейлері психикаға тікелей әсер етіп, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін есірткі заттарына мүлдем жоламауды ескертеді. Егер заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қандай да бір қылмыс жасаған болсаңыз, қылмыстық кодекске сәйкес заң алдында ең ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ұмытпаңыз.