Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да 40 “Призма-StoS” іске қосылды

БҚО-да апаттылықты төмендету мақсатында 23 қазаннан бастап жылдамдықты фиксациялаудың жаңадан орнатылған 40 стационарлық автоматты жүйесі іске қосылды (“Призма-Stos”), – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш жүйелер жылдамдық режимінің бұзылуын екі бағытта тәулік бойы тіркейді. Көлік құралының қай елде тіркелгеніне қарамастан жылдамдық режимін бұзуға жол берген барлық көлік құралдары тіркеледі, бұл ретте тіркелген бұзушылық туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерекқорына автоматты режимде түседі, бұл қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

Аталған жүйе іске қосылған уақыттан бастап 25 000-нан астам жылдамдықты белгіленген шектен асырған жол ережесін бұзу деректері анықталды.

Мысалы, Ресей Федерациясында тіркелген Lexus көлігінің жүргізушісі 52 рет жылдамдықты асырғаны анықталып, ол 700 000 теңгеден астам айыппұл төледі.

Сондай-ақ, РФ-да тіркелген Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі 84 рет жылдамдықты асырған және бұл бойынша оған қатысты 1 200 000 теңгеден астам айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылды. Қазіргі кезде көлік құралы сақтандыру полисі келісімшартын жасамағаны үшін ақылы тұраққа қойылды.

Жоғарыда көрсетілген көлік құралдары Орал қаласының кей жерлерінде 100 шақырым/сағат жылдамдықтан жоғары жылдамдықпен қозғалғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру