Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының бас полицейі тұрғындарды жеке қабылдады

Түркістан облысының бас полицейі тұрғындарды жеке қабылдап, полиция басшыларының жұмыстарына баға берді, -деп хабарлайды Polisia.kz.

«Заң мен тәртіп» қағидатын іскеа сыру және тұрғындардың полицияға қатысты уәжін тыңдау, оның оң шешім табуына көмек көрсету мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов әр аптаның сәрсенбі күні өңір тұрғындарын қабылдап келеді.

Ал осы аптада өткен қабылдауға Түркістан мен Кентау қалаларынан, Ордабасы,
Түлкібас пен Қазығұрт аудандарының тұрғындары қатысты. Олар тергеу әрекеттерімен әкімшілік хаттамалардың дұрыс толтырылуы, сондай-ақ алаяқтық қылмыстары бойынша сауалдарын жолдады.

Облыстың бас полицейі қабылдауға жазылған әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, тиісті құрылым басшыларына заң аясындағы жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Тұрғындар маңызды мәселелерін жеткізіп, оған генералдан тұщымды жауап алды.

Қабылдау соңында ведомство басшысы  Мұрат Қабденов 17 ауданның полиция басшыларына өздеріне қарасты аумақтың тұрғындарын жиі қабылдап, олардың мұң-мұқтажына уақыт өткізбей мән беріп, тиісті шараларды қабылдау қажеттілігін тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру