Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 15 келіден астам марихуана тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері 870 түп есірткі мен пластмасс ыдыстарға салынған марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz 

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы жасағы және Түркістан облысы ПД полицейлері бірлесіп, кезекті есірткі егістігін анықтады. Яғни, жедел уәкілдер Отырар ауданы Босаға ауылы маңындағы алаңда әуежолы арқылы ұшу кезінде егілген сора есірткісіне ұқсас өсімдіктер табылды.


Полицейлер тінту кезінде 850 түп өсіп тұрған, 20 түп шабылған өсімдік және 5 пластмасс ыдыстағы марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіледі.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Ол зерттеу қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 15 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қызылорда облысының екі тұрғынын анықтады, олардың біреуі бұрын сотты болған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу сезіктілердің есірткі заттарын қандай мақсатта өсіргенін және сақтағанын анықтайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру