Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 6 тіркелмеген қаруды анықтады

Түркістан облысының полицейлері 6 тіркелмеген қаруды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауы бойынша қазан мен 1 қараша аралығында Түркістан облысының аумағында полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шараның мақсаты – қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің визит карточкаларын бере отырып, пәтерлерді және аулаларды аралауда, жалға берілетін пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, көңіл көтеру орындарын, қолайсыз отбасыларды, профилактикалық есепте тұрған адамдарды және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелерін тексеруде.

Мәселен, тәртіп сақшылары «Учаске» шарасы кезінде 344 426 пәтерді, 259 784 жеке үйді аралап, тексерді. Аулалар мен үйлерді аралау барысында 276 жалдамалы пәтерді анықтады. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы жоқ 16 адам анықталып, оның 8-і қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Аталмыш профилактикалық шараның 25 күнінде полицейлер 6 бірлік заңсыз сақталған, тіркелмеген қаруды тәркіледі. Бұдан басқа учаскелік инспекторлар құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 646 ұсыныс енгізілді. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 517-бабымен 450-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру