Түркістан облысының полицейлері «Борышкер» ЖПІШ өткізуде
Түркістан облысының полицейлері 13-17 маусым аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның мақсаты – мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу.
Аталған іс-шара кезінде Кентау қалалық полиция қызметкерлері алғашқы тәулікте екі құқық бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тіркеп, көлікті айып тұраққа қойды. 25 көлік жүргізушіге айыппұл төлеу керектігі ескертілді. Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, екі жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға егер де әкімшілік құқық бұзушылық жасап, хаттама толтырған жағдайда оны 7 тәулік ішінде төлесеңіз 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік барын ескертеді. Және де айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарып, 100 пайыз төлеу міндеттеледі. Қаулы шыққан күннен бастап, 30 күн ішінде айыппұл ерікті түрде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары мен сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлайды.