Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында полицейлер арасында ауылдық спартакиада өткізілді

Маңғыстауда облысында полицейлер арасында ауылдық спартакиада өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Шетпе ауылында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері арасында ауылдық спартакиада ұйымдастырылды. Бұл спартакиадада бес командадан тұратын 60 қызметкер бақ сынасты. Спорттық шараның ашылу салтанаты Шетпе ауылында орналасқан спорт кешенінде өткізіліп, полиция басшылығы тартысты ойында қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық шара жауынгерлік қарудан оқ ату, гір тасын көтеру, гимнастика, жүгіруден эстафета және шағын футбол секілді кезеңдерден тұрды. Жауынгерлік қарудан оқ ату ашық аспан астында атуға арналған арнайы орында өткізілді.

Жеке біріншілікте атудан жүлделі бірінші орынды Түпқараған ауданы полиция бөлімінің қызметкері Кенжеғали Габдулов иеленсе, гір тасын көтеруден бірінші орынды Бейнеу ауданының намысын қорғаған Саламат Кабажанов қанжығасына байлады. Турникке тартылу гимнастикасы бойынша аса қайсарлықпен көзге түсіп, ұпай санымен өзгелерден оқ бойы ілгеріленген Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкері Өмірзақ Чиндақұл болды.

Командалық біріншілікте жүгіруден эстафетада Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің жүйрік қызметкерлері топты жарып, бірінші орынды иеленді. Ал шағын футбол ойынында жеңіске жеткен Қарақия ауданы полиция бөлімі болды.

Жалпы, ауылдық спартакиадада командалық біріншілікте жүлделі бірінші орынды – Қарақия ауданы, екінші орынды – Маңғыстау ауданы, үшінші орынды – Бейнеу ауданы полиция бөліністері иеленді.

Марапаттау рәсімінде департамент бастығының орынбасары Қандарбек Бахтыгереев сөз сөйлеп, барша жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтады. Ол өз сөзінде мұндай ауылдық сипаттағы спартакиаданың жыл сайын жалғасатынын атап өтті. Жеңімпаз қызметкерлер мен командаларға грамоталар мен медальдар, кубоктар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру