Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері денсаулығында кінәраты бар жоғалған ер адамды іздеп тапты

Түркістан облысының полицейлері денсаулығында кінәраты бар жоғалған ер адамды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының жергілікті тұрғыны 36 жастағы қайын інісінің үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, полиция бөліміне арызданды. Әйелдің айтуынша, жоғалған туысы екінші топтағы мүгедек, денсаулығында кінәраты бар. Жақындары өздіктерімен іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, еш нәтиже шықпаған. Содан кейін полицейлерден көмек сұраған. Жоғалған тұрғынды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің барлық тиісті қызметкерлері жұмылдырылды.

Әр полицей өз аумағына қарасты үй-жайларды тексеріп, оның баруы мүмкін деген орындарды шолып шықты. Тергеушілер басқа да полиция бөлімдеріне бағытнама беріп, әлеуметтік желі арқылы іздеу жариялады. Осылайша үш тәулік бойы тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жоғары деңгейде жүзеге асырып, жоғалған ерекше ер адамды Бәйдібек ауданына қарасты мал қорада жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай, ол қайта жұмыс істегісі келіп, мал бағумен айналысатын танысына барған.

– Інімізді жоғалтып, өзіміз іздеп, таба алмадық. Сосын Бәйдібек ауданының полицейлерінен көмек сұрадық. Олар бауырымызды дін аман тауып берді. Полицейлерге үлкен рақметімізді айтамыз, – деді әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру