Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан шекарасында Ресейде іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды

Қазақстан шекарасында Ресейде іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасы мен Шемонаиха ауданы ПБ-ның қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, республиканың мемлекеттік шекарасынан өту кезінде Ресей Федерациясының 41 жастағы азаматын ұстаған.

Белгілі болғандай, ресейлік әйел өткен жылдың қыркүйек айынан бері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ол 2021 жылдың қазан-қараша айлары аралығында жалға алған тұрғын үйлерден үй иелерінің мүлкін ұрлағаны анықталған.

Келтірілген залал мөлшері 150 мың рубль сомасына бағаланған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды және бүгінгі күні прокуратура органдарымен бірлесіп оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру