Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері екі мас жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері екі мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы атқарылған жұмыстарының нәтижесінде, күндізгі сағат 11:45 шамасында Мақтаарал ауданы Атакент кенті көшелерінің бірінде жарық шамын жақпай келе жатқан, алдыңғы айнасында жарығы бар  Audi көлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні тексеру барысында сақтандыру полисінен өтпегенін анықтады. Жүргізушінің мас күйіне күдіктенген. Тәртіп сақшылары нақтылау мақсатында медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысы бойынша көлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішкені белгілі болды.

Мас халде жол жүру ережесін бұзып, көлік басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру), 602-бабымен (Көлік құралдары жүргізушінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзу), 230-бабы (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыруы туралы заңнамасын бұзу) және 590-бабымен (Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжаттарды сотқа жолдады.

Сондай-ақ, мақтааралдық сақшылар күнделікті жұмыстарын атқару барысында мемлекеттік белгісі жоқ Муравей мотороллерді тоқтатты. Жүргізушіні тексеру барысында полицейлер оның жүргізуші куәлігінің мүлде жоқтығын анықтады. Масаң күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес мотороллер басқарушысының спирттік ішімдік ішіп, рөл тізгіндегені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері спирттік ішімдік ішіп, мотороллер басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлімі (Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару), 612-бабымен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) және де 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру