Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі жол жүрісі ережесін өрескел бұзғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын. Жетісай АПБ-нің қызметкерлері бейнежазбадағы жүргізуші кім екенін анықтау мақсатында жедел әрекет етті. Жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, Lada Priora автокөлігін басқарған жергілікті тұрғын болып шықты.

Жүргізушіге жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы), ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) хаттама толтырылды. Сонымен қатар, тексеру барысында жүргізуші куәлігін алмай, көлік құралын басқарғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен көліктің техникалық тексеруден өтпегені анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігімен хаттама толтырылды.

Жас жүргізуші жасаған әрекетін мойындап, сол үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Сондай-ақ алдағы уақытта бұндай жағдайды қайталамауға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру