Түркістан облысының полицейлері екі қап жаңғақ ұрлаған тұрғынды анықтады
Түркістан облысының полицейлері екі қап жаңғақ ұрлаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түлкібас аудандық полиция бөліміне қарт әйел ұрлық туралы арызбен жүгінді. Ол полицияға үйінен жаңғақ салынған қапшықтары ұрланғаны бойынша арызданды.
Бұл жайтты түлкібастық полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Хабарламаны алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Олар аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, күдіктінің жеке басы анықталды. Аудандық полиция бөліміне жеткізілген күдікті жергілікті тұрғын болып шықты.
Тексеру кезінде сезікті жәбірленушінің үйіне сағат 12:00 шамасында байқатпай кіргені анықталды. Содан кейін ұры екі қап жаңғақты ұрлап, қашып кеткен. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.