Түркістан облысының полицейлері ереже бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты
Түркістан облысының полицейлері ереже бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлер Келес ауданы елді мекендерінің бірінде бірнеше автокөліктердің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты.
Осы бойынша бірден іске кіріскен Келес АПБ қызметкерлері Toyota Land Cruiser, Toyota Camry және Lada Priora, үш автокөліктің жүргізушілерін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Жол қозғалысы ережесін бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.