Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін бұзушыларды анықтады

Өңірде карантин режимін және шектеу шараларын сақтауды қадағалау үшін құрылған мобильді топтар профилактикалық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада үйлену тойы өтіп жатқаны анықталды. Шамамен 180-ге жуық тұрғынды жинаған тойхана басшысы мен той иесіне қатысты құжаттар ресімделіп, жиналған материалдар Сарыағаш аудандық Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жолданды.

Сонымен қатар Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылы арқылы өтетін Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан шағын дәмхананың жұмыс істеп тұрғаны анықталып, мобильді топ акт жасады. Себебі дәмхананың иесі түсініктеме беруден бас тартты. Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жолданды.

Түркістан облысының Полиция департаменті карантин режимі кезінде белгіленген талаптарды сақтамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру