Түркістан облысының полицейлері кезекті алаяқтық дерегін анықтады
Түркістан облысының полицейлері кезекті алаяқтық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы сотты болған ұлын «мерзімінен бұрын бостандыққа шығарып беремін» деп сеніміне кірген. Содан соң жалпы 1,5 миллион теңге шамасында ақшасын алдап алып кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары іздестіру барысында алаяқтың мекен-жайын анықтаған. Сонымен қатар бұдан бөлек 11 алаяқтық ісіне қатысы бар екені, үш рет сотты болғаны айқындалды. Оған қоса алаяқ, жәбірленуші әйелдің ұлымен бірге түрмеде отырып шыққаны белгілі болды.
Полицейлер жедел іздестірулер барысында күдіктіні Шымкент қаласынан ұстап, Келес АПБ-не жеткізген. Қазіргі таңда барлық кінәсін толығымен мойындады. Бүгінгі күні тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Қылмыстық істі тергеу барысында белгілі болғандай жергілікті тұрғындардың бір көрген яғни дұрыс танымайтын адамға деген сенгіштігі салдарынан, көбіне алаяқтардың алдауына түсіп қалатын көрінеді.
Сондықтан, Түркістан облысының полицейлері алаяқтардың арбауына ермей, кез келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егер де осындай алаяқтардың қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз «102» шұғыл нөміріне хабар беріңіздер Өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.