Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңнамасы ережелерін бұзған 51 азаматты анықтады
Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңнамасы ережелерін бұзған 51 азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, Жетісай ауданы аумағында заңсыз келушілер мен шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ республиканың көші-қон заңнамасынан туындайтын міндеттерді қамтамасыз ету мақсатында «Заңсыз келуші- 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған жедел алдын алу шараларының және күнделікті Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері рейдік іс-шарасы барасында ҚР ӘҚБтК-ң 517-бабының 3-бөлігімен 13 азамат, ҚР ӘҚБтК-ң 517-бабының 4-бөлігімен төрт азамат, ҚР ӘҚБтК-ң 517-бабының 5-бөлігімен 23 азамат, ҚР ӘҚБтК-ң 518-бабының 1-бөлігімен жеті азамат, ҚР ӘҚБтК-ң 519-бабының 1-бөлігімен төрт азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.