Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мереке күндері күшейтілген режимде қызмет атқарады

Түркістан облысының полицейлері мереке күндері күшейтілген режимде қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл – жасымыз да, кәріміз де асыға күтетін отбасылық мерекелердің бірі. 31-желтоқсан Жаңа жыл түні барлығымыз үйімізде жанұямызбен бірге атап өтер болсақ, кейбір маман иелері ол күні халық үшін қызметте болады. Өйткені олардың қызметі кез-келген кезеңде маңызды әрі жауапты. Олардың бірі ел қорғаны – полицейлер!

Атап өтер жайт, ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес алдағы мереке күндері ТО ПД-нің жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқарады. Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуді басты назарға алады. Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.

Төмендегі бейнероликте Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының мереке күніндегі қызметінен қысқаша мәлімет берілмек. Оған қоса тыныштықтарыңыз мен қауіпсіздіктеріңіз үшін қызмет ететін полицейлер Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтайды!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру