Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бейбіт өмір батыры” мерекемен құттықтады

Шымкенттік полицей, “Бейбіт өмір батыры” номинациясының иегері мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкері, “Бейбіт өмір батыры” номинациясының иегері – Алдаберген Мылтықбай Қазақстандықтарды жаңа жыл меркесімен құттықтады.

Естеріңізде болса қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан полицейдің көше қиылысында туындаған кептелісті ретке келтірген іс-әрекеті оны көпке танымал еткен болатын. Нақтырағы ағымдағы жылдың 12 қараша күні сағат 10:04 шамасында Шымкент қаласы Арғынбеков және С.Бәйтереков көшелерінің қиылысында бағдаршам істен шығып, салдарынан көлік кептелісі туындаған болатын. Осы сәтте үйіне қайтып бара жатқан Патрульдік полиция полкінің қызметкері Алдаберген Мылтықбай еш ойланбастан, көлігінен түсіп, жол қозғалысын реттеуге кіріседі. Мамандығы алдында адалдық танытқан аталмыш қызметкердің жол қозғалысын реттеуінен кейін көлік ағыны жиі көше қиылыстарындағы жағдай бір қалыпқа түскен. Ол ауа райының қолайсыз, жауын-шашынды болуына қарамастан, аталмыш мекенжайға кезекшіліктегі әріптесі келгенше қызмет көрсеткен болатын.

– Мен Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерімін. Осы салада сегіз жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Біздің басты борышымыз – қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету. Өз мамандығын жақсы көретін кез-келген азамат өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқаратыны сөзсіз. Жауапты салада абыройлы міндетті мінсіз атқару менің және әріптестерімінің басты мақсаты. Құрметті отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Жаңа жыл құтты болсын, – деді Алдаберген Мылтықбай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру