Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу бойынша семинарға қатысты

Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу бойынша семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында облыс орталығының «Ән-күй» ғимаратында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кел талқыLike» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Әмірбеков, Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің, әлеуметтік даму бөлімінің өкілдері, нарколог-дәрігерлері мен психологиялық диспансердің психолог-мамандары қатысты. Сондай-ақ 400-ге жуық мектеп оқушысы мен колледж студенттері, мұғалімдер, мектеп президенттері және облыстың 17 ауданының белсенді жастары қатысты.

Семинар-тренинг барысында А.Әмірбеков қоғамда кең таралған «синтетикалық» есірткілерді сақтау, өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, заң бойынша толық түсіндіріп өтті. Ал нарколог пен психологтар есірткінің адам ағзасына зияны туралы дәрістер оқып, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар мектеп президенттері мен студент жастар іс-шараны ұйымдастырушыларға есірткі қылмысы мен нашақорлық тақырыбында түрлі сұрақ қойып, мамандардан толық жауап алды. Іс-шара кезінде қатысушыларға есірткіні қолданудың зияны туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру