Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттауда

Түркістан облысының полицейлері оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданы полиция бөлімі ювеналды полиция тобының қызметкерлері «Балалар жылы» аясында іс-шара өткізді. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ерекше назар аударып, оларды жан-жақты қолдап, білімді  азаматтарды тәрбиелеуге ат салысу. Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақта екендігін түсіндіру.

Яғни, тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданында орналасқан № 77 жалпы орта мектебінде 3-6 сынып оқушылары арасында спорттық сайыстар мен еркін тақырыпта сурет салу конкурсын ұйымдастырды.

Дәлірек айтсақ, бұл жарыс үміткерлердің білімі мен белсенділігін, ұтқырлығы мен тапқырлығын сарапқа салды.  Шарада балалар спорттық ойындар ойнап, өздерінің қалауынша түрлі суреттер салды.

– Спорт – салауатты өмір салтының бір бөлігі. Ол денсаулыққа ғана емес, адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді. Сондықтан сендерге спортпен шұғылдануға кеңес береміз, – деді полиция қызметкері.

Жарыс соңында полицейлер жеңімпаздарды арнайы марапаттап, жүлделі орын алған оқушыларға сыйлықтар табыстады.

Іс-шарадан ерекше әсер алған оқушылар өздерінің ризашылықтарын жеткізіп, алғысын білдірді.

Осы секілді шараны Отырар АПБ-нің жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары, Денсаулық сақтау және спорт басқармасымен бірігіп оқушылармен кездесу өткізді. Шара Шәуілдір ауылы Жамбыл атындағы орта мектептің мәжіліс залында болды.

Іс-шараға 250-ге жуық оқушы қатысты. Шараның мақсаты – спирттік ішімдік пен құмар ойындар зияндығы туралы оқушыларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Түсіндірме жұмысы кезінде тәртіп сақшылары ішімдік пен құмар ойынның адам өміріне  қауіпті екенін түсіндірді. Полицейлер оқушыларға казино, түрлі ойын автоматтары мен букмекерлік кеңселерге жоламауға кеңес берді. Шара соңында бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар полицейлерге сауал қойып, сұрақтарына жауап алды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру