Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу тұрғыны үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған

Шу ауданының тұрғыны үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шу қаласының батыс бағытында орналасқан Мақаш шаруа қожалығында 42 жастағы тұрғын ұсталды.

Тінту жүргізу барысында шаруа қожалығының аумағында орналасқан үйдің асханасынан жалпы салмағы 7 келі 712 грамм кептірілген марихуана салынған екі қап, сондай-ақ тегіс ұңғылы 20-калибрлі аңшы мылтығы және екі металл елек табылып, тәркіленді.

Күдікті қылмыстық әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін, – деп атап көрсетті облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру