Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ екенін түсіндірді

ҚР ІІМ-нің жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында  15-18 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен 15 маусымнан бастап жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді. Аталған шараға қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдардың мүшелері қатыстырыла отырып облыс көлемінде, ауылдық жерлерде тұратын әйелдер арасында заңнаманы түсіндіру жұмыстары жасалды.

Акция өткізу барысында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша барлығы 3000-нан астам ақпараттық-тарату материалдары дайындалып таратылды, сонымен бірге 19 билборд пен плакаттар орнатылды.

Сонымен қатар, сенім телефонының «қауырт желісіне» 89 қоңырау түскен, олар бойынша: 79 заң кеңесі берілді, жеті психологиялық көмек көрсетілді, полиция органдарына үш тұрғын өтінішпен қоңырау шалды. Облыстық және аудандық басылымдарда тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша осы мәселелері туралы мақалалар жарық көріп жатыр.

Сонымен қатар, акция барысында ІІО есебінде тұрған 422 адам тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілді. Профилактикалық есебіне 32 адам қойылды: оның ішінде 28 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды, төрт құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды.​​​​Отбасы жанжалдары кезінде «102» сенім телефонына  хабарласуға болатындығы және әрбір аймақ бойынша учаскелік полиция инспекторларының ұялы телефондарына байланысуға мүмкіндік бары түсіндірілді.​​​​Негізінде үйдегі зорлық-зомбылық – бұл қорқыныш сезімін тудыра отырып, денеге күш салу, сөзбен, рухани және экономикалық тұрғыда қорлауды жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан, өзіңізге күш қолданып, қысым көрсетілсе, үндемей қалмаңыз. Өз-өзіңізді сыйлауды үйреніңіз. ​​​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру