Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері өзімен бірге есірткі затын алып жүрген жаяу жүргіншіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері өзімен бірге есірткі затын алып жүрген жаяу жүргіншіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда Бәйдібек ауданы Шалдар ауылының тұрғыны есірткі заттарын сақтаумен, тасумен және тұтынумен айналысатындығы туралы көрсетілген. 

Ақпарат алысымен бәйдібектік полицейлер жүйелі жұмыс жүргізіп, күдіктінің үйін, жеке басын анықтады. Осылайша жүргізілген тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматты аудан көшелерінің бірінен ұстады. Оны тексеру барысында шалбарының оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) бойынша тіркеді. Алынған заттарға тиісті сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік сегіз грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің бұдан алдында сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру